19.10.2019 03:26

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешітке барды

  • 114 рет оқылды
  • Елбасы астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды.

    Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

    Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.

    Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲