24.08.2019 15:43

Петропавлдағы ораза айт мерекесі

  • 175 рет оқылды
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қызылжар» орталық мешітінде Ораза айт күні айт намазына жамағат таң намазынан  бастап жинала бастады. Айт намазының алдында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, уағыз-насихат айтылды. Жиналған мұсылман қауымды құттықтау мақсатында облыстың әкім орынбасары Руслан Қанатхан мырза келді. Намаз оқылғаннан кейін ақсақалды аталарымыз айт мерекесімен құттықтап, жастарға батасын берді. Зиялы қауым өкілдеріне, ақын – жазушыларға, танымал өнер өкілдеріне, мемлекеттік қызметекерлерге, мекеме басшыларына, журналистерге, кәсіпкерлерге, жалпы дін жанашырларыменен мешіт жамағатына айт дастарханы жайылды.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲