25.05.2019 16:00

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫСЫ БЕКИДІ

  • 48 рет оқылды
  • Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Өзбекстан Республикасының мүфтиі Усмонхан Алимов бастаған делегацияны қабылдады.

    Екіжақты кездесуде бауырластық елдердің руханият саласындағы бауырластық байланысы сөз болды. Өз кезегінде Өзбекстан мүфтиі Усмонхан Алимов Елордада өткен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы жайлы жылы пікірін білдіріп, халықаралық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Рухани Жібек жолы» конференциясының кезекті циклын Өзбекстанда өткізу туралы ұсынысын жеткізіп, Серікбай қажы Оразды осы игі шараның мәртебелі мейманы болуға шақырды.

    Бауырлас елдердің мүфтилері Қазақстан мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында қабылданған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобалар жайлы әңгімелесті.

    Басқосу соңында Усмонхан Алимов Серікбай Сатыбалдыұлын, мүфтият ұжымын жаңа ғимаратқа қоныс аударуымен құттықтап, ізгі тілегі мен ниетін жеткізді.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲