23.03.2019 20:59

Қызылжарда жастар арасында футболдан жарыс өтті

  • 45 рет оқылды
  • СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жастар арасында «Жастар» спорт кешенінде шағын футболдан турнир өткізілді.

    Турнирдің мақсаты жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, отансүйгіштікке, спортты кеңінен насихаттауға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. 
              «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы М.Жумажанов аталмыш турнирге құттықтау сөз айтып, қатысушыларға денсаулықтың адамға берген аманаты турасында насихатымен сайысты ашып берді.

    Алты командадан құралған сайыстың қорытындысы бойынша ІІІ орын «Борки-1» командасына бұйырса, ІІ орынды «БЖ» командасы иеленді. Ал, жүлделі І орынды турнирдің ұйымдастырушылары – «Қызылжар» орталық мешітінің командасы ие болды.

    Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, алғыс хаттармен табысталды.

    «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз хатшылығы

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲