10.12.2019 14:41

Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

  • 282 рет оқылды
  • Қазақстан мұслмандары діни басқармасы, облыстық «Қызылжар»  орталық мешітінің наиб имамы Алыпқашев Аян  және қалалық «Қызылжар» мешітінің ұстазы Сыздыкова Ажар Қызылжар қаласының «Әбу Досмұхамбетов» атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында «Ислам және отбасы» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті.

    «Ислам және отбасы» атты тақырыпта ұйымдастырылған игі шарада дініміздегі отбасының орны, ата-ананы құрметтеудің маңызы, отбасы құндылықтары айтылды. Шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

    Мектеп басшылығы келген қонақтарға алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

    «Қызылжар» орталық мешітінің

    баспасөз хатшылығы

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲