24.08.2019 15:02

БАС МҮФТИ АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

  • 147 рет оқылды
  • Бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ислам ынтымақтастығы Ұйымы (ОИС) жанындағы Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін Зерттеу орталығы (ИРСИКА) «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен конференция жұмысына белгілі ғалымдар, академиктер, атап айтқанда, Серік Қирабаев, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков, Тұрсын Ғибитовтар қатысты. Сонымен қатар, дін қайраткері Сәдуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан Сәдуақасқызы да қатысты.

    Конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

    «Саналы ғұмырын Ислам дінінің гүлденуі жолына арнаған Сәдуақас Ғылманиұлының қаламынан қасиетті қазақ топырағында алғашқы «Мәуліт жыры» туындаған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын  ардақты Алла Елшісінің туған айында мәуліт кешін ұйымдастырады. Осы игі шарада пайғамбардың өнегелі өмірін өлең-жырмен баяндау – рухани кештің негізгі мәні мен маңызы болып саналады. Халықты ізгілік пен имандылыққа ұйытатын рухани шарада Сәдуақас Ғылманидың жазған «Мәуліт жыры» оқылады. Осындайда: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деген халық нақылы еріксіз еске түседі», – деп атап өтті.

    Конференцияда Серік Қирабаев, Ғарифолла Есім, Болат Көмеков сынды белгілі ғалымдар естелік әңгімелер айтып, ғылыми баяндамалар жасады.

    ҚМДБ баспасөз қызметі

    www.muftyat.kz   

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲