25.06.2019 18:56

ЖақсылықЖаса акциясы жан-жақты сипат алып, қазақстандықтар бір-біріне қолұшын созуда

  • 111 рет оқылды
  • « Жақсылық жаса» акциясына еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар атсалысып жатыр. Бір қуанарлығы, азаматтар аязды күні көлігімен адамдарды үйіне жеткізіп салумен шектелмей, көпбалалы отбасыларға қолұшын созуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Еске сала кетсек, кеше астаналықтар шыңылтыр аязда аялдамада автобус күткен тұрғындарды көліктерімен жеткізіп тастап жатқанын хабарлаған едік.

    Айналасына бей-жай қарамайтын елордалық көлік иелері жақсылық жасаумен бірге осы үрдіске өзге адамдарды да атсалысуға шақырған еді. Ізгі үрдіске шақырған азаматтар Фейсбукте өз жазбаларын #ЖақсылықЖаса немесе #ДелайДобро хэштегімен таратуда. Араға көп уақыт салмай, әлеуметтік желілерде республикамыздың әр бұрышынан жақсылық жасаумен жарысқан азаматтардың видеосы тарала бастады.

    Бір айта кетерлігі, аталмыш акция аязды күнде адамдарды үйіне көлікпен жеткізіп тастаумен шектелмей, жан-жақты сипат алып жатыр. Мәселен, Өскемен қаласының ақжүрек азаматтары 11 көпбалалы отбасыға азық-түлікпен көмектескен. Инстаграмдағы ilove_uka бұл туралы шағын ролик жарияланды. «Жас жігітттер 300 мың теңгеге жуық ақша жинап алып, кейбір отбасыға тоңазытқышқа дейін алып берген. Онымен қоса мектептегі бір сыныпты толығымен жөндеді. Олар бұрын бұл мұнда игі істерін жарнамалауды жөн көрмепті. Тек осы жолы ісіміз көпке үлгі болсын деп, топқа жариялап отыр», — делінген ilove_uka тобында.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲