10.12.2019 14:45

ЖАҢА МЕШІТТЕ ФОРУМ ӨТТІ

  • 1 226 рет оқылды
  • «Қызылжар» орталық мешітінің қолдауымен 20-шы мөлтек ауданындағы жаңа ашылған мешітте  «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен  «Рухани түлеу-Біздің мақсатымыз»- атты  форум өтті.

    Аталмыш іс-шара «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен  екінші мәрте өтіп отыр. Игі іс шараға арнайы КМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы  Кенжетай қажы Байкемелұлы , облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Сағындықов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Есмақұлы, зиялы қауым, облыстық, аудандық аналар кеңесінің мүшелері, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар және мешіт жамағаты қатысты.

    «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал  қажы  Әбенқызы форумның басты мақсаты: Ұлттық құндылықтарды насихаттау, дінімізді, тілімізді, әдебиетімізді жандандыру, салт-дәстүрімізді болашақ ұрпақтың бойына сіңіруге үлес қосу екенін айтты. Форумда басты-басты мәселелерге тоқталып, «Әжелер мектебі» ұжымының атқарып жатқан  жұмыстарын атап өтсе,  «Әжелер мектебінің» беделді мүшесі, ұлағатты ұстаз Сәлима қажы Атажанқызының «Рухани қайта түлеу – біздің мақсатымыз» атты баяндамасымен басталды. Сонымен қатар әжелеріміздің ұрпақ тәрбиесіне байланысты «Дөңгеленген дүние-ай», «Ұлағат», «Тоқта балам! Ойлан,оян!» атты жазылған кітаптар таныстырылды. Жиын соңында алдағы уақытта әлі де осындай  мәртебесі мен мазмұны маңызды  жиындарды бірлесе отырып атқару мақсатында облыстық ардегерлер кеңесі, облыстық аналар кеңесі және әжелер мектебі үшжақты меморандумға қол қойылып, соңынан әжелер мектебі атынан белсенді мүшелеріне ескерткіш сыйлықтары табысталды.

    Облыстық «Қызылжар» орталық

     мешіті баспасөз қызметі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲