24.08.2019 15:52

Ораза айт намазы оқылды

  • 825 рет оқылды
  • Күн найза бойы көтерілгенде басталатын айт намазы облысымыздағы барлық мешіттерде оқылды. Солардың бірі емес, бірегей – «Қызылжар» орталық мешітіне бір мыңнан астам жамағат жиналды. Әрине, олардың бәрі екінші қабаттағы негізгі залға сыймағандықтан, бірінші қабаттағы үлкен асханаға кілемдер төселіп, келушілер намазға жығылды.

    Намаз басталмас бұрын оғант жиналғандарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Ораза айтпен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Одан кейін айт намазы оқылды. Намаздан кейін бәрі де мешіт қасында жайғасқан киіз үйлерде таңғы астан дәм татты.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲