8.07.2020 04:14

Архивы рубрики ‘Мақалалар’

Ардагер лебізі: ӘКЕМЕ БҰЛ КҮНДЕР АРМАН ЕДІ

Мұсылман жамағаты екі дүниенің сардары, адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың туған күнін, яғни Мәуліт мерекесін тойлап жатыр. Алла елшісінің үмбеті болу бақытына ие болып, Тәңірге мадақ, пайғамбарға салауат айтып сауап жинау қуанышына кенеліп отырмыз.

Сақал қою парыз ба?

Сақал өсіру — ол пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеті, әрбір мұсылман үшін орындауы арқылы сауап үміт ететін мустахаб амалдардың бірі. Бұл үрдіс Адам (а.с) нан бүкіл пайғамбарлар арқылы жалғасын тауып, біздің өмірге шейін жеткен.

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ, АРДАҚТЫСЫ

Бисмиллаһир-рахманир-рахим! Қадым замандағы да, қазіргі де мұсылмандар үшін діни мейрамдардың ішіндегі шоқтығы биіктері — Құрбан айт пен Оразадан кейінгісі, Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) дүниеге келген күн, яғни Мәуліт мерекесі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні оның өнегелі өмір жолын жан-жақты түсіндіретін, исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын рухани мерекеге айналды.

Қазақ халқының Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сүйіспеншілігі

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (ﷺ) жібектей жұмсақ, сүттей ақ, судай мөлдір баға жетпес мінез-құлқы, таудай заңғар данышпандығы мен теңіздей терең ақылдылығы он төрт ғасыр бойы үмбетін өзіне тәнті етіп келеді. Оның сәт сайын саны артқан үмбеті Оның өнегелі өмір жолын, мінез-құлқын «қасиетті сүннет» деп ұстануда. Оның жақсылыққа бастайтын темірқазық іспеттес әрбір сүннетін ұстану арқылы Оған деген […]

Пайғамбарды (с.а.у.) сүю

«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, кез келген нәрсенің қәдіріне бармай оны сүю ақылға сыйымсыз. Пайғамбарды сүю хақында сөз қозғамас бұрын, алдымен оның діндегі функциясын ұғынып алған жөн шығар.

Return to Top ▲Return to Top ▲