Архивы рубрики ‘Мақалалар’

Өлімді еске алудың артықшылығы

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,   Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. (Абай Құнанбаев) Өмірді, дүние ләззатын құша сүйген адам көп жағдайда ақиқат болған өлімді еске алудан қашқақтайды, өлім жайлы айтылса, көңілі құлазып, жүрегі сыздайды. Сол сәтте Алла оның жанын әкететіндей тыпыршып, әңгіме сарынын басқаға ауыстырады.

«ҚЫЗЫЛЖАРДА» –КҮН САЙЫН АУЫЗАШАР

Шіркін, ауызашар деген ғажап қой: алдыңдағы бір жұтым суды алғаш рет ішіп тұрғандай керемет күй кешесің.Сол судың өңештен өткенін,асқазанға жеткенін саусақтарыңның ұшына дейін сезінеді.Ал күнделікті асың ең дәмді тағам болып көрінеді.

ПАЙҒАБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) ТАМАҚ ІШУДЕГІ ӘДЕПТЕРІ.

Әр істе бізге нұсқау берген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тамақ ішуде де керемет әдептерді үйретті. Медицина ғалымдары саралай келе сол әдептерге таң қалысып, ислам дінінің ұлықтығына тәнті болуда. Жан мен тән рахатына бөлеген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұсқаулары қанша уақыт өтсе де ескірмей, керісінше, жаңа қырынан көрінуде. Енді сол әдептерді санамалап шықсақ:

Дұға әдебі

Қазіргі уақытта ислам үмбеті ілімдік, мәдени, техникалық және т.б. салада дамуға, жоғары дәрежеге көтерілуі қажетті. Алайда, осылардың бәрінен де бұрын имани тұрғыдан кемелденуге мұқтаж. Ал рухани кемелдікке жеткізетін негізгі іс-әрекеттер Аллаға шынайы құлшылық қылып, өзіміздің Оған деген мұқаждығымызды сезіне білу және қиындықта да, жаймашуақ, молшылық уақыттарда да Алладан ықыласпен дұға тілеу болып табылады.

13-хадис . Исламдағы бауырмашылдық

عن أبي حمزةَ أنسِ بنِ مالكٍ رَضِي اللهُ عَنْهُ خادمِ رسولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عن النَّبيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قالَ:{لاَ يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يُحِبَّ لأِخِيهِ مَا يُحِبُّ لِنَفْسِهِ}رواه البخاريُّ ومسلمٌ. Әнәстан жеткен хадисте пайғамбарымыздың (с.а.у) былай дегені хабарланады: «Өзіне қалайтын нәрсені бауырына да қаламайынша,сендерден ешкімнің иманы толық болмайды».[1].

Return to Top ▲Return to Top ▲