25.01.2020 17:26

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

«Аль-Азхар» университетінде Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мысырдағы танымал «Аль-Азхар» университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады. «Елші (Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев) «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына «қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді», – деп хабарлады […]

ҚР Президенті интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің шектелуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде ресейлік тілші Алексей Пивоваров Президенттен интернетті мөлшермен таратуға қатысты пікірін сұрады.

Жазғы діни сауат ашу курсы

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде 24-маусыммен 15-шілде аралығында жылдағы дәстүр бойынша жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді. Білім алушы бүлдіршіндерге бала тәрбиесінде үлкен маңызы бар ислам әдебі, ахлақ сабақтарымен қатар Құран әліппесі, Пайғамбар өмірбаяны, 40 парыз, Алланың есімдері үйретілді. 20 күнге созылған курс шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталып, дастархан жайылады.

БАС МҮФТИ: ЕЛОРДА — ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ АЙНАСЫ

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын! Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын! Əр отбасына бақыт пен береке тілеймін. Елорда — елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы. Жаңа астанамыз санаулы жылдарда күллі әлемге бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен келісімнің киелі ордасы ретінде танылды.

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲