24.08.2019 15:12

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Жастарға 10-12 мың теңгеге жалдамалы пәтерлер беріледі

Жыл сайын Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 1000 пәтерден беріледі. Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында бағдарламаға кімдер қатыса алатынын айтты.

НАИБ МҮФТИ АРЫСТА

Бүгін ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы Арыс қаласына арнайы келді. Алдымен жарылыстан зардап шеккен мешіттердің жай-күйімен танысты. Эпицентр маңайындағы тұрғындардың хал-жайын сұрасты. Сондай-ақ, осы күні ҚМДБ мен аймақтық өкілдіктерінің ұйытқы болуымен жұртшылықтың жиып-теріп, тиеп жіберген бес керуені Арысқа жетті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарының азық-түлік, керек-жарақтары Арыс қаласының қабылдау базасына түсірілді. […]

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешітке барды

Елбасы астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды. Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады. Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.

Хасан Аманқұлов Қызылжар өңірінде

Еліміз бойынша Республикалық ақпарат насихат тобының жұмысы жалғасын табуда, кезекті сапарменҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұлов Петропавл қаласына келді. Екі күнге созылған іс-сапар «Қызылжар» орталық мешітінің жамағатымен кездесуден басталды, жамағатқа уағыз-насихат айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, күн тәртібінің соңында ЕС 164/1 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.Іс-сапардың […]

Return to Top ▲Return to Top ▲