2.07.2020 11:20

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Ел ағаларымызға алғысымыз шексіз

Ү.ж ақпан айының 28 жұлдызында  «Қызылжар» орталық мешітінде алғыс айту күніне орай «Ел ағаларымызға алғысымыз шексіз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараға өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, мешіт ақсақалдары және қажы ағаларымыз шақырылды. Өз кезегінде СҚО-бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған қауымға алғысын білдіріп, мерекеменен құттықтады.  

БАС МҮФТИ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездесті. Кездесуде сектордың жұмысы, бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары, деструктивті ағымның арбауына ілескен жастарға түсіндіру шараларын жүргізу, жамағатқа бөлінбеу, достық, адамгершілік, өзара келісім сынды құндылықтарды насихаттау, т.б. мәселелер сөз болды.

«Вайнах» шешен-ингуш диаспорасы ас берді

24-ақпан күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде шешен-игнуш диаспорасы қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларына арнап ас берді. Ас басында  арнайы жиналған жамағатқа 1944 жылғы оқиғаны баяндайтын видеоролик көрсетілді. Сауапты істі ұйымдастырушы «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев қиын қыстау күнінде құшағын жайып қарсы алған қазақ халқына алғысын білдірді. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, Кенжетай қажы Байкемелұлы […]

Қызылжардығы сауат ашу курсы аяқталды

Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандар мен ауылдардағы молдалыққа үміткер азаматтарды жинап екі апталық сауат ашу курсын ұйымдастырып, онда білім алған 20 молда сынақ тапсырып өңірлік тарапынан арнайы сертификаттармен табысталды.

Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Қазақстан мұслмандары діни басқармасы, облыстық «Қызылжар»  орталық мешітінің наиб имамы Алыпқашев Аян  және қалалық «Қызылжар» мешітінің ұстазы Сыздыкова Ажар Қызылжар қаласының «Әбу Досмұхамбетов» атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында «Ислам және отбасы» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲