25.06.2019 18:14

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Татар-Башқұр диаспора ауызашары

Қасиетті Рамазан айында «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар дастарханы күнделікті жалғасуда. Кезекті ауызашарды 24-мамырда, яғни Рамазан айының 19-күні Татар-Башқұр диаспорасы ұйымдастырды. Жиналған жамағаттың саны 250 адамға жеткен ауызашарда облыс имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы уағыз айтып, диаспора өкілдері алғыстарын білдіріп, ел ағаларымыз ақ баталарын берді.

Рамазандағы — эссе байқауы!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Қызылжар» орталық мешіті Қасиетті Рамазан айының құрметіне эссе — бәйгесін жариялайды Бәйгенің мақсаты: «Қызылжар» орталық мешітінің шәкірттерінің шығармашылық потенциалын ашу үшін қажетті жағдай жасау!

Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Қасиетті Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласыныңжамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық жетті. Береке ықшам ауданында жаңа мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсіміне ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имам, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, қала және аудан имамдары, ел ағалары, ақжаулықты әжелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Фидияға қатысты үкімдер

Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады. Алла Тағала: أَيَّامًا مَّعْدُودَاتٍ ۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған […]

МҰСЫЛМАН ДИАСПОРАЛАРЫ АУЫЗАШАР БЕРУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам түрлі ұлт өкілдері бар, соның біразы мұсылман диаспоралары. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында олардың ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Қызылжар» орталық мешіті олармен бірге ел бірлігін, тыныштығын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Соның бір дәлелі, Рамазан айында  қаламыздағы мұсылман мәдени орталықтары мешіт жамағатына алма-кезек ауызашар береді. Биыл […]

Return to Top ▲Return to Top ▲