23.09.2019 19:19

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Салауат айту үлгілері

Аллаһ елшісіне (с.а.с) салауат айту үлгілері әрқилы. Мәселен: «Салауатуллаһи уә сәләмуһу аләйһи», «Аләйһис салату уәс-сәләм», «Аләйһис сәләм» десе де болады. Бұл тіркестердің бәрі де жоғарыдағы мысалға ұқсас, дәл сол мағынаны береді. Тағы бір үлгісі: «Саллаллаһу ғалә Мухаммәд уа ғалә әәлиһи уа сахбиһи ажмағин». Бұл: «Мұхаммедке, оның отбасына және Оған ерушілерге Аллаһтың салауаттары болсын» деген мағына […]

Пайғамбарға салауат айту

Аллаһ елшісіне (с.а.с) салауат айту – мұсылман адамның тілімен жасайтын игіліктерінің бірі болып саналады. Салауат айту бір жерде сүннет болса, бір жерде уәжіп болуы да мүмкін. Жалпы, салауат айтуға Аллаһ тағаланың: «Шын мәнінде Аллаһ пен Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Әй, иман келтіргендер! Оған салауат айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар (амандық тілеңдер)!»,-деген сөздері дәлел болады. (Ахзаб, […]

Нью-Йоркте осыдан бұрын даулы мәселеге айналған Ислам Орталығы ашылды.

Даулы дейтін себеп-бұл Орталық 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйекте лаңкестік шабуылдардан құлаған Дүниежүзілік Сауда Орталығының зәулім ғимараттарының орнына жақын орналасқан. Манхэттен ауданындағы бұл жер-қазір мемориалдық кешен екені белгілі. Сол себепті 11-ші қыркүйекте туған-туысқандарынан айрылғандардың кейбірі ислам орталығының ашылуына қарсылық білдірген болатын. Оларды АҚШ-тың кейбір қоғамдық ұйымдары да қолдаған. Соны есепке алғандықтан Нью-Йорктегі Ислам Орталығының ашылуы онша […]

ОҒЫЗДАР ИСЛАМДЫ ҚАШАН ҚАБЫЛДАҒАН?

Халықаралық археологиялық экспедиция Қызылорда облысының аумағында орналасқан байырғы Жанкент шаһарының орнын қазу кезінде ерекше жәдігерлерге тап болды. Олар екі жүзік тауып алды. Оның бірінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімі жазылғанын. Бұл жөнінде Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бөлім басшысы Жолдасбек Құрманқұлов мәлімдеді. Шамамен Х ғасырдың жәдігері болып табылатын жүзік оғыздардың ертерек исламды қабылдағанына бұлтартпас дәлел болатыны анық. […]

Жасанды түсік…

Бұл әңгімені бастауыма ауылдағы көлік жөндеп, сырлаушы, жалпақ тілмен айтқанда «костоправ» танысым Зейнулла себепші болды. Бірде көлікпен бірге жол жүріп бара жатып досы туралы айтқан болатын. Зейнулланың үш қызы бар екен. Ал досының бес қызы бар, сол досы әйеліне ренжулі, тек қана «қыз туасың» деп, «ішкен» сайын әңгіме айтса керек. Содан бір күні үйіне барса […]

Return to Top ▲Return to Top ▲