24.08.2019 15:04

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Айт мейрамы мүбәрак болсын!

Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!   Ардақты ағайын! Асыл дініміздің ең үлкен екі айт мерекесінің бірі Құрбан айт мүбәрак болсын. Аллаһ тағала шалған құрбандықтарыңызды қабыл қылсын. Құрбандық шалалмай қалған ағайындардың ниеттеріне құрбандықтың сауабын нәсіп етсін. Ертеңгі оқылатын Құрбан айт намаздарымызды Аллаһ қабыл қылсын! Қажылыққа аттанған бауырларымыз еліміздің тыныштығы мен баршамызға имандылық, инсаф-тауфиқ тілеп, ниеттері […]

Н.Назарбаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ертең басталатын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен сертке, беріктікке шақырады. […]

Жарнамадағы қымбат коньяк техникалық спирт болып шықты

Семей базарларында қымбат коньяк ретінде жарнамаланып сатылған ішімдік техникалық спирт болып шықты. Ірі көлемдегі зиянды қоспа дайындалған орын қаладағы коттедждердің бірінен табылды. Үй иесі жертөлесін арақ-шарап шығаратын жасырын цехқа айналдырыпты. Қол астында 6 қызметкері болған. Бірігіп бөтелкелер, қымбат ішімдіктердің сыртқы орамаларын ұрлап пайдаланыпты. Дайындау тәсілі де қарапайым. Техникалық спиртті сумен араластырып, қызғылт түсті бояушы заттар […]

ИРАНДА ҒАРЫШТА БОЛҒАН ҚҰРАНДЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ КӨРСЕТТІ

Ғарышкерлермен бірге ғарышта болып қайтқан Құран осы қалада өткізілген баспасөз және ақпарат агенттіктері Халықаралық көрмесінде тұңғыш рет Иран жұртшылығына таныстырылды, деп жазды BNews.kz порталы. Мұсылмандар үшін қасиетті кітап болып табылатын Құранның осы данасын Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) Ресей ғарышкерлері, атап айтсақ, «Союз ТМА-01М» ғарыш кемесінің командирі Александр Калери 2010 жылдың 8 қазаны күні алып ұшқан […]

Темекіні тастағандарға телефон берді

Аймақтық «Темекіні таста да, жеңіп ал» бәйгесі Алматы қаласында да мәресіне жетті. Бұған дейін еліміздің әр аймағында ерік-жігері жеңіске жетіп, жаман әдеттен тыйылғандар түрлі сый-сияпат алып келсе, алматылықтарға ұялы телефондар табысталды. Қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәлімдеуінше, бәйгеге үміткер болып, 200-ден аса шылымқор тіркелсе, бәйге мәресіне дейін 25-і ғана жетіпті. Бұл — әлі де […]

Return to Top ▲Return to Top ▲