23.02.2019 16:40

Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Балалар шаттығы

Аллаһ тағаланың мұсылмандарға Құрбан айт мерекесін берудің бірден-бір себебі – мұқтаж жандарға көмек көрсету, қамқорлық жасау. Осы қағиданы ескере отырып, «Қызылжар» орталық мешіті өңіріміздің құрметті азаматшалары Сәуле апай, Нурия апайлар бірлесе отырып, қаламыздың жетім-жесірлерге, мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің балаларына арнайы мерекелік дастархан жайып, ас берді. Балалар дән риза болып, өздерінің алғыстарын айтып жеткізді.

ХИКМЕТІ МОЛ ҚҰРБАН АЙТ

Құрметті мұсылман қауымы! Сіздерді барша мұсылмандарға ұлық болған Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке Алланың елшілері арқылы жүздеген жылдар бойы жалғасып келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударып келгенде, жергілікті халықтың бұрыннан келе жатқан екі мерекесі бар еді.

«Мұсылман бауырлары» жеңіске жетті.

  Құрбан айт мерекесінің соңғы күні ұлағатты ұрпақ, иманды жастар сабақтастығын қалыптастыру, мерекені сезіндіру мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары арасында спорт ойындарынан жарыс өткізілді.

Дәстүрлі дін өкілдерінің кездесуі өтті

Қызылжарда ағымдағы жылдың 16 қазан күні Рухани келісім күні қарсаңында дәстүрлі дін өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қайыргелді Р., сондай-ақ Петропавл және Булаево епископы, Гурий Шалимов Г., Рим-католик шіркеуінен Дариуш Пашинский да қатысты. Жиынның басты тақырыбы – дінаралық, конфессияаралық келісімді сақтау, оны жүзеге асырудағы атқарылып […]

Облыс әкімінің құттықтауы

Ауа-райының суық болғанына қарамастан қызылжарлықтардың жас-кәрісі орталық мешітке қарай ағылды. Құрбан айтқа жиналған адам мешітке сыймай кетті. Бұл күні бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері кездесіп-көрісіп, ұлық болған Құрбан айт мерекесінде игі тілектерін айтып, ниеттерін білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲